Елордадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде Рим Папасы Франциск әлемдегі климат проблемаларын көтерді
«Біздің алдымызда тұрған тағы бір проблема біздің ортақ үйімізді қорғауға қатысты болып тұр. Климаттың елеулі түрде өзгергенін ескерсек, біз әсем табиғатты келер ұрпаққа сақтауымыз керек. Абай өлеңінде: «Безендіріп жер жүзін Тәңірім шебер, мейірбандық дүниеге нұрын төгер», деп жазған. Жаратушы табиғатты жайнатып жасартқан. Сондықтан жер бетін ластауға, орасан зор залал келтіруге қалайша жол береміз? Баршаңызды осы мәселені бірлесіп шешуше шақырамын», – деді Рим Папасы.
Понтификтің пайымынша, климаттың өзгеруі тұрғысындағы проблема пандемияға тікелей қатысты болып тұр.
«Орманды жерлерді аяусыз жою, жануарларды заңсыз сату сияқты мысалдар жетерлік және осы жайында ойлануымыз керек. Осы өмірде қанаушылық мінез-құлық біздің ортақ үйімізге орасан зор нұқсан келтіріп жатыр», – деді Рим Папасы.
Ортақ шаңырағымыз – табиғатқа жанашыр болайық, достар!