Бүгін Қазақстанның экологиялық қоры ағаш отырғызу бойынша «Green challenge» республикалық шарасын Маңғыстау жерінде жалғастырды
Аталған челлендж Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласының №43 қосымша білім беру мектеп орталығы алаңында бастау алған болатын. Енді Маңғыстау облысында жалғасын тапты.
Облыстың Қарақия ауданы, Құрық ауылының №11 жалпы білім беру мектебінде өткен бүгінгі шараға аудан әкімшілігі, Қазақстан экологиялық қорының өкілдері, мектеп ұжымы, құрметті ардагер ұстаздар, оқушылар мен жастар белсене қатысты. Шара барысында мектеп ауласына ағаш түптері отырғызылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Атап өтетіні, ағаш отырғызу «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен 21-23 қыркүйек аралығында өтпек.