Экологиялық олимпиада өткізілді

Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы мен “Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен Астана қаласы мектептерінің 8 сынып оқушылары арасында экологиялық олимпиада өткізілді. 

         Мақсаты: оқушылардың экологиялық білімдерін байқау. Оқушыларды жеріміздің экологиялық мәселелелеріне көңіл аударту, экологиялық тәрбие беру.

Аталған шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балалар үшін қолайлы экологиялық жағдай жасау бойынша кешенді шаралар» гранттық жобасы аясында өткізілді.

Экологиялық олимпиада 5 бөлімнен құралды, І бөлім сұрақтарында 1 дұрыс жауап болды, ІІ бөлім сұрақтарында бірнеше дұрыс жауаптары болды. ІІІ бөлім сұрақтарында қысқаша жауап жазу керек, ІV бөлімде жауаптарды  сәйкестендіру қажет, V бөлімде берілген тұжырымдаманың дұрыс не бұрыстығын көрсету керек болатын.   Тапсырмаларға 60 минут уақыт берілді.

Экологиялық олимпиадаға 50-ден астам оқушы қатысып, нәтижесінде мүмкін болатын 35 ұпайдың 10-31 ұпай аралығында көрсеткіштер алынды. 20 ұпайдан жоғары жинаған қатысушылар жеңімпаз болып танылып, дипломдармен марапатталды. Қалған оқушылар қатысқаны үшін сертификаттар иеленді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.