Қоғам беленділері эко-блогинг мектебінің жұмысын ұйымдастырады

Эко-мектеп жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға бағытталған гранттық жоба шеңберінде жұмысын бастамақ.

Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жоба аясында елімізде қоршаған ортаға деген қамқорлықты дәріптеу бағытындағы түрлі іс-шаралар өткізіледі.

«Біздің жобамыз жастарды экологиялық қозғалыстарға тартуға, жастардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», – дейді «Қазақстанның Экологиялық Қоры» қорының басшысы Айгүл Абдуалиева.

Жоба аясында қоғамшылдар № 43 «Қосымша білім беру мектеп–орталығы» КММ негізінде эко-блоггинг мектебін ашуды жоспарлап отыр. Оқушылар флора мен фаунаны қорғау туралы пайдалы ақпаратқа толы посттар, бейнероликтер жасауға, тікелей эфирлер өткізуге үйренеді.

Сондай-ақ, жастар тоқсан сайын ғылыми конференцияларды, экология такқырыбындағы ғылыми жұмыстар конкурсын, онлайн-тренингтерді өткізуді жоспарлап отыр.

Ел аумағында жыл бойы түрлі экологиялық акциялар мен сенбіліктер де өтеді. Маңызды республикалық оқиғаларға орайластырылған ағаш отырғызу науқандары ұйымдастырылады. Күзде Түркістан облысының Шардара қаласында эко-белсенділер «Жастар» аллеясында ағаш отырғызу акциясын өткізеді.

Деректер көзі: dknews.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.